Ауыл мектебінде ақылды жылыжай жүйесі құрастырылып жатыр

15
13.04.2026 19:09

Бүгінде STEM кабинеттері оқушылардың инновациялық идеяларын жүзеге асыратын заманауи зертханаға айналып отыр.  Отырар ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің жетінші сынып оқушысы Асылхан Асан «Ақылды жылыжай»  жүйесін құрастыруда. Жеткіншектің ізденісі арқасында енді шаруаның көп жұмысы жеңілдеп, алқапқа күтім жасау автоматты жүйенің көмегімен атқарылмақ.  Шағын нұсқадағы жабық алаңның қызметінен арнамыздің тілшісі танысып қайтты.