Қазақстанда жыл басынан бері азық-түлік өндірісі 12 пайызға жуық өсіп, 665 миллиард теңгеден асты. Бұл көрсеткіш жоспарланған межеден бірнеше есе жоғары. Әсіресе сары май шығару 56 пайызға артып, саладағы ең жоғары өсім ретінде тіркелді. Сонымен қатар ірімшік, сүзбе, кондитерлік өнімдер мен жарма өндірісінде де айтарлықтай өсім байқалады. Ет өнімдері, өсімдік майы, ұн және макарон өнімдерінің көлемі де ұлғайып, өңдеу саласының дамып келе жатқанын көрсетіп отыр. Жалпы, көрсеткіштер агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын және елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің нығайып келе жатқанын аңғартады.
️