Түркістан облысында экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай жақсарып келеді. Оны биылғы жылыдң алғашқы тоқсанының нәтижелері айғақтап отыр. Нақтырақ айтсақ, өңір бюджетіне кірісі жоспардағыдан 118%-ға артығымен орындалып отыр. Өсім негізінен өзіндік кірістер есебінен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы облыс әкімдігінің апталық жиынында баяндады. Гүлфари Әжіметованың сөзінше, өзіндік кірістердің көлемін арттыруда жеке кәсіпкерлердің де үлесі мол. Алғашқы 3 айда олардан түсетін табыс салығы 7,6 млрд теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, 362 жаңа кәсіпорын құрылған.
️