Әуе отыны арзандады

20
13.04.2026 19:03

 Қазақстанда халықаралық ұшақ билеттерінің бағасына әсер ететін жағымды жаңалық бар. Елімізде авиаотынның бағасы арзандап, бір тоннасы 800 долларға дейін түсті. Соның арқасында елімізге Ұлыбритания мен АҚШ-тан бастап, Нидерланды мен Түркияның ірі әуе компанияларының бағыттары ашыла  бастады. Бұл туралы Үкіметте өткен жиында айтылды. Ал теміржол мен теңізбен жүк тасымалдау ісінде әлі де қиындықтар баршылық. Мәселен, Каспий теңізінде жүк тасуға керек 6 кемені сатып алу ісі әлі созбалаңға салынып жатыр. Сондай-ақ, «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысында техника мен жұмысшылардың жетіспейтіні белгілі болды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов шекарадағы өткізу бекеттері мен теміржол вокзалдарының жөндеу жұмыстарының баяу қарқынын қатаң сынға алды. Биыл вокзалдардағы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау және цифрлық форматқа көшу ісін жеделдетуді тапсырды. Енді мерзімінен кешіктірілген әрбір жұмыс пен  кемшілік үшін мамандар айырықша жауапты болады.