Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университеті соңғы жылдары жалпы құны 1,9 млрд теңге болатын 22 ғылыми жобаны жүзеге асырды. Оқу орнында жүзге жуық жоғары білікті ғалым еңбек етеді. Олар «Шағала» атты ұшқышсыз ұшақ, минасыздандыру құрылғысы сияқты әскери техникаларды жасап шығарған. Қазір барлау және соққы беру жүйелерін дамыту бағытында да зерттеулер жүргізілуде. Университет басшысы Бауыржан Әбжанов ғылым ел қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін атап өтіп, бірқатар әскери қызметшілер мен ғалымдарды алғыс хаттармен марапаттады.
️