Түркістан облысындағы базарлар мен сауда орталықтары санитарлық-гигиеналық талаптарды толық сақтамай отыр. Техникалық қауіпсіздік шаралары да түбегейлі қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов апталық аппарат мәжілісінде баяндады. Кемшіліктер арнайы жұмысшы тобының арнайы жүргізген тексеру нәтижесінде анықталған. Сондықтан жауаптыларға сауда орындарындағы бейнебақылау жүйелерінің санын арттырып, рейдтік іс-шараларды одан әрі көбейту тапсырылды.
️