Өзбекстанның Самарқанд қаласында қазақ және өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумы өтті. Келелі жиында ғылым, цифрландыру, білім және жасанды интеллект салаларындағы әріптестікті күшейту, сондай-ақ бірлескен білім беру кеңістігін қалыптастыру мәселелері көтерілді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан мен Өзбекстан тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында даму кезеңін аяқтап, енді стратегиялық мақсаттарға аяқ басқанын мәлімдеді. Сондай-ақ қос мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік тұрақтылықты нығайтып отырғанын айтты. Ал, ұлттық ғылым академиясы вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев екі елдің ғалымдары алдында тұрған міндеттерге тоқталды.
️