Абай облысында атпен жүрген полицей айдалада жоғалып кеткен 3 жастағы баланы аман-есен тауып алды. Оқиға бүгін Ақсуат ауданында болған. Бала ересектердің көзін ала бере ауладан шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған. Таңсәріден бастап туыстары өз беттерінше іздегенімен юүлдірішін табыла қоймапты. Амалы таусылған ата-ана түске жақын полицияға хабар берген. Осы сәттен бастап барлық күштер жұмылдырылып, жедел іздестіру шаралары басталды. Бірнеше сағаттан кейін атпен патрульдік шолу жасап жүрген полиция қызметкері баланы елді мекеннен шамамен 3 шақырым қашықтықта тауып алды. Қазір бала аман-есен. Дәрігерлер оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ екенін мәлімдеді.
️