Велоспорт бәйгесі басталды

16
08.04.2026 20:12

Түркістанда тағы бір спорт бәйгесі басталды. Бұл жолы еліміздің түкпір-түкіпірінен шайтанарба мінген спортшылар келіп,  өзара мықтыны анықтамақ. Түркістан тас жолдарында велошабандоздар бірінші жекелей, одан соң командалық түрде сайысқа түседі. Бәсекенің  соңғы үшінші және төртінші күндерінде олимпиадалық ереже бойынша жарысады. Сайысқа қатысуға жастар мен ересектерді қосқанда барлығы 170-тен аса спортшы өтінім берген. Айта кетерлігі, велошабандоздар жарысы соңғы жылдары Түркістан қаласында тұрақты өткізіліп келеді.