Келешек мектептері – білімнің жаңа көкжиегіне жол ашып келеді

19
08.04.2026 20:11

Елімізде «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген  білім беру ұйымдарының 40 пайыздан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Маңызды бастама үша уысымды және апатты жағдайдағы мектептердің мәселесін оңтайлы шешіп, оқушы орнының тапшылығын жоюға мүмкіндік беруде. Осы кезге дейін Түркістан облысының өзінде  29 жаңа форматтағы білім ордасы пайдалануға берілген. Соның бірі,  Сауран ауданы, Сұлтанбек Қожанов ауылында салынды.  Бүгінде  300 орынға шақталған ғимаратта  оқушылар сапалы білім мен қолайлы оқу ортасына қол жеткізіп отыр.