Соңғы бір жылдың ішінде 41 мың адамды ит қапқан

16
08.04.2026 20:09

Орташа есеппен елімізде бір сағатта бес адамды бұралқы ит қуып, талап тастайды. Бұл туралы бүгінгі мәжіліс отырысында депутат Еділ Жаңбыршин мәлімдеді. Мәжілісменнің айтуынша соңғы бір жылдың ішінде 41 мың 366 адамды ит тістеген. Оның 23 мыңдайы көшедегі бұралқы иттердің шабуылынан зардап шегіпті. Мұндай жағдайлардың көбеюі осыдан 5 жыл бұрын қабылданған заң аясында бекітілген әдістер өзінің тиімсіздігін көрсетіп отыр. Сондықтан мәжіліс оған енгізілетін түзетулерді мақұлдады. Толығырақ тілші бейнематериалында.