Академиялық ескек есуден сайыс өтіп жатыр

18
07.04.2026 21:33

Түркістанда академиялық ескек есуден ел біріншілігі басталды.  Чемпионатқа Астана қаласы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Павлодар, Қарағанды облыстарының спортшылары қатысуда. Есу арнасында 110 спортшы түрлі санат бойынша жүлделерді сарапқа салады. Жарыс жеңімпаздары ертең белгілі болады. Бұл бәсекеден бірінші орын алған спортшылар алда өтетін Азия кубогы мен Азия ойындарына қатысуға мүмкіндік алмақ. Ел құрамасының жаттықтырушылары құрлықтық бәйгеден бірнеше жүлдені қанжығалап қайтуды жоспарлап отырғанын айтады.