Бүгін қазақ халқының аты аңызға айналған балуаны - Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толды. Күш атасы кәсіби күрестің бірнеше түрін меңгеріп, әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны. Ұлтының рухын асқақтатқан дара тұлға үшін былтыр Ордабасы ауданында заманауи мәдени-спорт кешені ашылған еді. Аумағы кең, мүмкіндігі мол нысанда мұражай, кітапхана, көрме залы мен конференция бөлмелері жасақталған. Бүгін кешен алдына орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, кесене маңында құран бағышталды. Жас балуандар арасында облыстық турнир ұйымдастырылып, шын мықты анықталды.
️