Қазақстанның білім жүйесі Польша мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты дамыған елдерді басып озып әлемдік деңгейде мойындалды. Халықаралық зерттеулердің нәтижесі бойынша, еліміз ең үздік 20 мемлекеттің қатарына қосылып, 18-орынға табан тіреді. Сарапшылар мұны үш түрлі талап бойынша бағалаған. Оның біріншісі университеттердің халықаралық қауымдастықтағы беделі, екінші әлемдік рейтингтегі орны және соңғысы мемлекеттің білім саласына бөлген қаржы көлемі. Қазірдің өзінде еліміздегі 10-нан астам жоғары оқу орны, соның ішінде әл-Фараби, Гумилев және Сәтбаев атындағы университеттер әлемдік ең таңдаулы мыңдыққа кіріп отыр.
️