Кино көріп ақша таппақ болғандар жарты млрд теңгеден айырылды

18
07.04.2026 21:28

Қаржылық мониторинг агенттігі «NBC TV» қаржы пирамидасына қатысты тергеуді аяқтады. Аталған мессенджер чаттарында 200-ден астам адам болған. Күдіктілер жоғары табыс уәде етіп, салымшыларды тартқан. Алайда төлемдер жаңа қатысушылар есебінен жүргізіліп, қаржы криптовалюта арқылы жасырылған. Қаржы мониторинг агенттігі тұрғындарды күмәнді жобалардан сақ болуға шақырады.