Фитнес-клубтардың бірінде есірткі таратқан жаттықтырушы ұсталды

18
07.04.2026 21:26

 Астанадағы танымал фитнес-клубтардың бірінде клиенттеріне "күш-қуат беретін қоспа" деп есірткі сатып келген жаттықтырушы ұсталды. 34 жастағы күдікті спортқа денсаулық іздеп келген жастардың сеніміне кіріп, оларға мефедрон өткізіп отырған. Полиция оны құрықтау кезінде қалтасынан есірткінің бір реттік 10 дозасын тапты. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірханның айтуынша, күдікті өз клиенттерін тәлімгер ретінде алдап, арам пиғылын іске асырған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі спортпен шұғылданатын азаматтарды сақ болуға шақырады. Егер жаттықтырушыңыз күмәнді "дәрумендер" немесе "ерекше қоспалар" ұсынса, бірден полицияға хабарлаған абзал.