Президентке қаржы пирамидаларына қарсы шаралар баяндалды

8
06.04.2026 19:28

Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру дерегіне қатысты  сотқа дейінгі 14  тергеу ісі басталды. Сондай-ақ, құрылыс саласына бөлінген 5 миллиард теңгеден астам қаражатқа байланысты да 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов Мемлекет басшысына мәлімдеді. Агенттік басшысының айтуынша, ғылыми зерттеулерге бөлінген 10 миллиард теңге грант қаражатын ысырап ету белгілері де анықталған. Құқық қорғаушылар 17 қаржы пирамидасының қызметін тоқтатып, банктер мен байланыс операторларының атын жамылған фишингтік топты әшкереледі. Жалпы алғанда, 4 мыңға жуық алаяқтық сайт бұғатталып, онлайн-казино арқылы табылған табысты жасырып, жылыстататын криптоайырбастау нүктелері жабылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік жұмысын күшейту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.