Астанаға 20-дан аса елдің машина жасау ісінің мамандары бас қосты. Он үшінші рет өткізіліп жатқан форумға мыңға жуық маман келген. Елордадағы көрмеде отандық көлік құрастырушылар да техникаларын таныстырды. АГРОМАШ зауыты төрткүл дүниеге танымал брендтердің астық жинайтын комбайндарын, тракторларын шығаруда. Былтыр зауыттың машинистері 2 мыңнан аса ауыл шаруашылығына қажетті техниканы құрастырған. Олардың жалпы бағасы 90 млрд теңгеден асып жығылады. Техника ішкі нарықта, фермерлер үшін жылдық 5 пайыздық жеңілдікпен сатылуда.
️