Түркістандық «Тұран» футбол клубы жаңа инвестордың иелігіне өтті. Енді жергілікті спорт командасын «Ордабасы Груп» холдингі басқарады. Жаңа инвестор инфроқұрылымды дамыту мен жастар футболын ілгерілетуге ерекше назар аударып отыр. Команда биыл бірінші лигада бақ сынауда. Олар алғашқы турда «Оңтүстік Академия» ұжымымен кездесті. Ойын өте тартысты өтті. Қақпа маңындағы қауіпті сәттер кездесудің соңына дейін шиеленісті сақтап тұрды. Матч барысында жанкүйерлер үшін түрлі байқаулар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылды. Көпшілік спортшыларға қызу қолдау білдірді. Енді «Тұран» футбол клубы бір аптадан соң ел кубогы бәсекесінде «Елімай» командасымен ойнайды.
️