Түркиялық делегация «Turkistan» телеарнасында қонақта

12
03.04.2026 18:41

Түркістандағы  халықаралық ғылыми симпозиумға қатысқан  түркиялық делегацияның құрамындағы  жоғары оқу орындарының ректорлары "Түркістан" телеарнасында  қонақта болды. Олар өңірдегі басты ақпарат құралының  жаңа жобаларымен танысып, жоғары стандартқа сай жабдықталған студияларды аралады. Сондай-ақ балаларға арналған «Бала тайм», «Құтты қонақ» бағдарламаларының түсірілім барысын бақылап, жасанды интеллект арқылы жасалған арнаның төл өнімдерін тамашалады.