Колледждер 1420 кәсіпорынмен серіктестік орнатты

12
03.04.2026 18:40

 Тек орта білім емес, кәсіптік сала да нағыз еңбек нарығына бейімделе бастады. Бүгінде Шымкент қаласындағы 37 колледж бен мың жарымға жуық ірі кәсіпорын өзара серіктестік орнатқан. Соның арқасында 10 мыңнан аса студент "дуальды оқыту" арқылы өндірістің қыр-сырын зауыт басында үйреніп жүр. Нәтиже де жаман емес: түлектердің 72 пайыздан астамы оқу бітіре салып, бірден жұмысқа орналасады. Дегенмен, инклюзия саласында кадр мәселесі әлі де сезіледі. Әсіресе, ерекше білімді қажет ететін 12 мың баланың тілін тауып, дамуына көмектесетін мамандар тапшы. Бұл олқылықты жою үшін қала басшылығы гранттар санын көбейтіп отыр.