Қаржы пирамидасының жолы кесілді

11
03.04.2026 18:39

Ақтөбеде  қаржы пирамидасының жолы кесілді. Арнайы топ өздерін шет елдерде электросамокаттарды сатып алып, жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде қаржы пирамидасына 115 салымшыдан жалпы сомасы 197 млн теңгеден астам қаражат тартылғаны белгілі болды. Алаяқтар ақшаны заңдастыру үшін крипто-әмияндар арқылы айналымға шығарып, кейін айырбастап, банк шоттарына аударып отырған. Бүгінде сот үкімімен ұйымдастырушыларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.