Алматы көшелерінде тұрғындарға қоқан-лоққы көрсетіп, қайыр сұраған топ ұсталды. Оқиға 2 сәуір күні Құрманғазы көшесінің бойында болған. Жәбірленушілердің айтуынша, бір топ қыз маңайынан өткендерден ақша сұрап, бас тартқан жағдайда тас лақтырып, заттарын тартып алуға тырысқан. Әлеуметтік желіде лезде тараған бейнежазбаға, қолданушылардың арыз-шағымы көбейген. Құқық қорғау органының өкілдері жағдайды жедел анықтап, бөлімшеге жеткізді. Белгілі болғандай, олар Тәжікстан Республикасының азаматтары болып шықты. Қазіргі уақытта жасөспірімдер бейімдеу орталығына орналастырылып, заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасына сәйкес, оларды елден шығару шаралары қарастырылып жатыр.
️