«Шаға» су қоймасының айналасы реттеледі

12
03.04.2026 18:21

Сауран ауданындағы«Шаға» су қоймасының айналасы реттеліп, балық шаруашылығын өрістетуге басымдық беріледі. Оған қоса жергілікті инвесторлар акватуризмді дамытуды қолға алмақ. Компания бұл іске биылдан бастап кіріседі. Ол үшін 1 жарым млрд теңге қаржы жұмсалады. Жоба жүзеге асса жүз мыңға жуық туристі қабылдауға қауқарлы орынға айналмақ. Сондай-ақ балық шаруашылығының заманауи кластерін қалыптастыру да көзделіп отыр. Жаңа шаруашылық 2027 жылы іске қосылып, жыл сайын 300-400 тонна балық өсірмек. Алдағы уақытта мұнда қонақ үйлер салынып, жағажай туризмі де дамиды деп күтілуде.