Яссауи кесенесі аумағында сакура гүлдеді

8
02.04.2026 20:22

Көктем келісімен Түркістан түрлене түседі. Төрт жыл бұрын шаһар топырағына отырғызылған сакура ағаштары биыл да бүршік жарып, айналаны алқызыл түске бояды. Бейбітшілік пен жаңарудың символына айналған бұл нәзік гүлдер аз ғана уақытқа гүлдесе де, қалаға ерекше сән беріп, тұрғындар мен туристерге ерекше көңіл-күй сыйлап жатыр.