Кентау қаласында «Бала болмысында не бар?» семинар-тренингі өтті. Жиынды ұйымдастырушы – қала әкімдігі және қалалық білім бөлімі. Ал, семинар спикері – «Отбасы хрестоматиясы» қорының негізін қалаушы, шығыстанушы, жазушы Санжар Керімбай. Ол баланың ішкі әлемі, сезімдері мен қажеттіліктерін терең түсіндіру арқылы ересектердің балаға деген қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру жайында сөз қозғады.
️