Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кездесті

11
02.04.2026 20:18

Премьер-министр Олжас Бектенов Әзербайжанның Баку қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы үкімет басшыларының кездесуіне қатысты. Кездесуде көлік-транзит бағыттарын дамыту, соның ішінде президентіміз ұсынған цифрлық мониторинг орталығы бірнеше мемлекетке ортақ дәліздің әлеуетін арттыру, ілгерілету мәселелері сөз болды. Министрдің сөзіне сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен тауар айналымы 12,9 миллиард долларға жеткен. Сондай-ақ, бизнеске қолдау көрсетудің нақты қадамы ретінде Түркістан қаласындағы  TURAN арнайы экономикалық аймағын атап өтіп, жаңа бірлескен өндірістерді құруға және технологиялық кластерлерді дамытуға дайын екенін жеткізді. Сөз соңында алдағы саммит туралы да айтап өтті.