Түркі дүниесінің рухани астанасында халықаралық ғылыми симпозиум өтіп жатыр. Басқосудың басты мақсаты — ХІІ ғасырда Түркістан топырағында Қожа Ахмет Ясауи негізін қалаған рухани құндылықтар мен Анадолыға тараған «Ахилік» жүйесін заманауи экономикамен ұштастыру. Бабалар аманаты бүгінде кәсіби әдеп пен адал еңбектің бірегей үлгісіне айналмақ. Түркі бірлігінің жаңа белесі туралы тілшіміз Дана Қазыбек тарқатады.
️