Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психикалық орталыққа ауыстырылған. Алайда, марқұмның туыстары бұл шешімге күмән келтіруде. Өйткені, күдікті «психикалық ауытқуы бар» деп танылса жазадан сытылып кетуі мүмкін. Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай болса медициналық сараптама жасаған дәрігерлерді тексеру қажет деп талап етуде. Себебі, Шымкенттегі мамандар психикалық ауытқуы байқалған деген анықтама беріпті. Алматыдағы орталық та дәл осылай деген. Енді марқұмның ағасы «айыпталушы ауытқуын желеу етіп тергеуден жалтаруы мүмкін» деп алаңдайды.
️