Түркістан облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары қызды. Бүгінде «ҚазАвтоЖол» компаниясының мамандары жол жамылғысындағы ақауларды жойып, тосқауылдарды түзету мен белгілерді жаңартуға кіріскен. Бұл мақсатқа 58 бірлік техника мен 184 маман жұмылдырылды. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу үшін 13 мың қап пен мыңдаған текше метр құм-қиыршық тас қоспасы дайындалды.
️