Жаңа Салық кодексі — экономикалық тұрақтылықтың басты кепілі

13
01.04.2026 19:38

 Жаңа Салық кодексі - экономикалық тұрақтылықтың басты кепілі. Ақтөбеде Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері кәсіпкерлермен кездесіп, заңнамадағы тұжырымдамалық өзгерістерді талқылады. Комитет төрағасы Сұлтанбек Мәкежановтың айтуынша, құжат кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, бюджеттің кіріс бөлігін теңгерімді толтыруды көздейді. Жиында бизнес қауымдастығын толғандырған қосылған құн салығы, жаңа мөлшерлемелерді есептеу тетіктері мен салық есеп-қисабын жеңілдету мәселелері сөз болды. Өз кезегінде Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері салықтар мен міндетті төлемдер саны қысқартылып, әкімшілік рәсімдердің айтарлықтай цифрландырылғанын жеткізді.