Үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі

14
31.03.2026 20:08

 Биыл Түркістан облысындағы үш ауысымды мектептердің проблемасы  толықғымен шешіледі. Бұл үшін Сайрам ауданында жаңа білім ұясының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі таңда нысандағы жұмыстардың 60 пайызы аяқталған. Жауаптылар 300 орындық мектепті жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында өткен кеңес отырысында айтылып, білім саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.