Түркістанда күрделі оталар жасала бастады

14
31.03.2026 20:05

Аз қозғалу — ауруға жетелейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, заманауи қоғамдағы гиподинамия, яғни қозғалыс белсенділігінің төмендеуі тірек-қимыл жүйесінің әлсіреуіне басты себеп болып отыр. Әсіресе, тізе мен жамбас буындарының артрозы бүгінде "жасарып" барады. Алайда, Түркістан медицинасы бұл дертпен күресудің заманауи тәсілдерін меңгеруде.  Қалалық орталық ауруханада астаналық білікті мамандардың қатысуымен  күрделі оталар операциялар жасала бастады.