Қоқыс сұрыптаудың орталықтандырылған жүйесі құрылады

13
31.03.2026 20:01

Түркістан облысында  қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі әлі де өзекті. Қазіргі уақытта сұрыптау қызметімен 15 кәсіпорын, қайта өңдеумен 5 кәсіпкер айналысады. Ал қоқысты жинау және тасымалдау ісіне 36 мекеме жұмылдырылған. Өңірдегі серіктестіктердің бірі Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы полигондарды сенімгерлік басқаруға алып, қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеуші кәсіпорындар деңгейіне жеткізіп отыр. Алдағы уақытта бұл аймақтарда пластик қалдықтарын қайта өңдейтін өндіріс ашу жоспарланған. Сонымен қатар, жеке инвесторлар тарапынан тамақ қалдықтарын ұсақтайтын құрылғы шығаратын цех ашу көзделген. Аталған жобалар іске асқанда бірнеше ауданда қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табады. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы баспасөз брифингінде мәлімдеді.