Еліміздің даму болашағы — инновацияда. Үкімет отырысында ғылым мен өндірісті ұштастырудың жаңа тетіктері талқыланды. Енді ғылыми жобалар жай ғана қағаз жүзінде қалмай, тікелей зауыт-фабрикаларға енгізілуі тиіс. Ол үшін мемлекет бизнеске де тиімді жағдай жасап отыр. Мәселен, биылдан бастап ғылыми әзірлемелерге қаржы салған кәсіпкерлердің шығыстарына 300 пайызға дейін салық жеңілдіктері қарастырылған. Сонымен қатар, Бюджет кодексіне сәйкес, жер қойнауын игеріп жатқан алпауыт компаниялар кен өндіру шығынының бір пайызын міндетті түрде отандық технологияларды дамытуға бағыттайды. Бұл — ғылымға құйылатын инвестицияны еселеп арттыруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, инновациялық жүйені ретке келтіру үшін Курчатов, Алматы және Астана қалаларында арнайы ғылыми қалашықтар мен технологиялық парктер құрылмақ.
️