Мектеп автобусы апатқа ұшырады

11
31.03.2026 19:56

 Екі автобус бір-бірімен соқтығысты. Оқиға Орал қаласында, Подстепное кенті маңында болған. Шаһарішілік бағытта қозғалып келе жатқан автобус мектеп тасымалдайтын көлікке соғылған. Қатты соққыдан балалар отырған транспорт алда тұрған Ford Galaxy жеңіл машинасына барып тірелген. Ал жолаушылар мінген автобус жол шетінен шығып, жарық бағанасына соғылды. Жол-көлік оқиғасының нақты себебі әзірге белгісіз. Қазір мән-жайы анықталып жатыр. Апат салдарынан жарақат алғандар саны нақтылануда. Қаза тапқандардың жоқ екені хабарланды.