Облыс аумағындағы криминогендік ахуалды тұрақтандыру және отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 26–29 наурыз аралығында «Қауіпсіз үй – 2026» профилактикалық рейдтік іс-шарасы өтті. Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері отбасылық зорлық-зомбылық бойынша есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайларын аралап, профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Рейдтік шара қалай өтті, полиция қызметкерлері нендей маңызды дүниені ескертеді? Әріптесім Бекболат Тілеуберген тарқата айтсын.
️