Бүгін - Халықаралық театр күні

22
27.03.2026 20:18

Театр — киім ілгіштен басталады десек, қойылым — сахна сыртындағы қажырлы еңбектен бастау алады. Шымылдық ашылғанда көрерменнің назары тек актерлерге ауатыны анық. Бірақ жарқыраған сахнаның тасасында үлкен "майдан" жүріп жатыр. Бүгін 27-наурыз халықаралық театр күнінде біз қошемет пен гүл шоқтарынан тыс қалатын, бірақ өнердің "асханасын" қыздырып отырған жандармен таныстық.