Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа әрі қауіпті түрі туралы ескертеді. Қазіргі уақытта желіде Агенттіктің ресми өкілінің бейнесін пайдаланған «дипфейк» видеолар тарап жатыр. Онда «жәбірленуші инвестордың» ойдан шығарылған оқиғасы баяндалып, азаматтарды күмәнді жобаларға ақша салуға шақырады. Алаяқтардың сценарийі бойынша, салынған қаражаттың кірісі артқаны көрсетілгенімен, ақшаны алу үшін түрлі комиссиялар, салықтар мен «тексерістер» үшін төлем жасау талап етіледі. Соңында пайдаланушының шоты біржола бұғатталады. Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай сайттар мен сауалнамалардың барлығы — азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатын иемденуге бағытталған алаяқтық схемасы екенін мәлімдейді.
️