Ақтау, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған... Қысқасы, бұдан былай Түркістаннан еліміздің 10 облысына тікелей ұшып баруға болады. Сондай-ақ мамырдың 31-інен бастап Бішкек бағытында жаңа рейс іске қосылмақ. Алдағы уақытта түркістандықтар Ташкентке де ұшақпен қатынауы мүмкін. Толығырақ тілші бейнематериалында.
Бұған дейін де өңірден Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау бағыттары мен Ыстамбұлға да рейстер қатынайтын. Жалпы әуежай іске қосылғалы бері 469 ұшақ ұшып, 60 мың жолаушы діттеген жеріне жеткен. Рухани шаһарға келушілер саны күн санап артуына байланысты осы бағытта ұшуға бірнеше авиакомпания қызығушылық танытқан. Солардың бірі - «Turkish Airlines» күні кеше Түркістанға алғашқы рейсін қондырды.
УФУК ЭКИДЖИ – ТҮРКИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ
01/12 Авиакомпания 29 жыл бұрын мамыр айында Стамбул Алматы бағытында орындаған рейсі шет елдік тасымалдаушы тарапынан Қазақстанға жасалған алғашқы сапар болды. 03/08 Түрік әуе жолдары компаниясының рейстері сәтті болсын дей отырып, сіздерге құрметімді білдіремін.
Аталған бағытта алғашқы рейспен рухани шаһарға 25 адам келді. Ал Түркістаннан Түркияға 100 азамат жол тартты. Екі ел арасындағы ұшу бағасы 119 500 теңгеден басталады. Қала әкімі әуе қатынасы Түркістан өңірінің ғана емес, түркі елдері үшін де маңызды екенін айтты.
РАШИД АЮПОВ – ҚАЛА ӘКІМІ
Түркістан бұл Елбасының жобасы. Бар жоғы 3 жылдың ішінде Түркістанымыз әділдікті орнап, баяғы жібек жолы орнын қайтарып жатыр. Өзінің орнына белгілеп жатыр. Әлемдегі өзінің деңгейін анықтап жатыр. Екі ел арасында Қазақстанда Түркістан қаласына көпір салып отыр. Барлығыңызды құттықтаймын. Тек қана жақсылыққа ұшсын.
Сондай-ақ, алдағы уақытта «Fly Arystan» әуе компаниясы Түркістаннан Бішкекке жаңа рейсті іске қоспақ. Бұдан өзге Ташкентке де бағыт ашуды жоспарлап отыр.
️