Көктеммен бірге Түркістан облысындағы ветеринарлардың да жұмысы қыза түсті. Өңірде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті аурулардың алдын алу шаралары барынша күшейтілді. Биыл мал індетіне қарсы 16 жарым миллионнан астам доза вакцина егу жоспарланған. Қазірдің өзінде оның басым бөлігі, яғни 9 миллионға жуығы аудандарға жеткізілген. Мамандардың айтуынша, індеттің бетін қайтару үшін көктем және күз мезгілдерінде ауқымды өңдеу жұмыстары үздіксіз жүргізілмек.
️