Төрт жаңа су қоймасы салынып жатыр

16
27.03.2026 20:14

Түркістан облысында су тапшылығын азайту және егіншілікке қажетті суды тұрақты жеткізу үшін төрт жаңа су қоймасы салынып жатыр. Бұл жобаларды аяқтау уақыты 2028 жылға жоспарланған. Қазір «Бәйдібек ата» мен «Қарақуыc» нысандарының құрылысы бітуге жақын. Ал «Иқан-су» және «Боралдай» су қоймаларының жобалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар үш су қоймасы жаңғыртылып, бірқатар нысандардың қорғанысы күшейтіледі. Ирригациялық каналдарды жөндеу нәтижесінде 24 мың гектардан астам жер суармалы сумен қамтылды. Су үнемдеу технологияларын енгізу де қарқын алған. Бұл бағытта мемлекет тарапынан қолдау күшейтіліп, шығындарды өтеу үлесі 80 пайызға дейін ұлғайтылған