Президент әйгілі альпинист Е.Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын табыстады

15
27.03.2026 20:11

Ақорда төрінде айтулы тұлғаға құрмет көрсетілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстады. Президент аңыз тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізіп, оның адамгершілік қасиеттері мен шәкірттеріне деген шынайы қамқорлығын ерекше атап өтті. Өз кезегінде Ерванд Тихонович отандық спортқа көрсетілген айрықша қолдау үшін Мемлекет басшысына алғысын білдірді.Ерванд Ильинский — есімі әлемдік альпинизм тарихына алтын әріппен жазылған тұлға. Ол Эверестті бағындырып, беделді «Жеті шың» клубына мүше болған алғашқы қазақстандық. Оның есімі тек рекордтармен ғана емес, бірегей бапкерлік мектебімен де тығыз байланысты. Ерванд Тихонович ширек ғасырдан астам уақыт ішінде жүзден астам спорт шеберін баптап шығарған білікті маман. Тәжірибелі бапкердің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы әлемде бірінші болып биіктігі 8 мың метрден асатын жер шарындағы барлық 14 шыңға шығып, тарихты жаңартты.