Қазақстандағы әкелер балаларына 18 млрд теңге көлемінде алимент төлемей жүр

17
26.03.2026 19:41

 Елімізде алимент төлеуден жалтарып жүрген әкелердің жалпы қарызы 18 миллиард теңгеге жетті. Өткен жылы сот орындаушылары 354 мың алимент өндіру ісін қараған. Алайда jоның 60 мыңы ғана толық орындалған. Ал биыл мұндай істердің саны 295 мыңға жуық. Оның ішінде 13 мыңға тарта іс күрделі санатқа жатады. Мамандардың айтуынша, кейбір әкелер алимент төлеуден қашу үшін табысын әдейі жасырып, жалақысын төмендетіп көрсетеді. Соның салдарынан балаларға тиесілі қаражат уақытында төленбей, берешек көлемі артып отыр.