Түркістанда Наурыз мерекесі қарсаңында тағы бір аз қамтылған отбасы баспаналы болды. «Отырар» мөлтек ауданының 1988 жылы туған азаматтары жалғызбасты анаға үй кілтін табыстап, қуанышына сеп болды. Азаматтардың жанашырлығы мен ауызбіршілігі қоғамдағы мейірім мен жауапкершіліктің айқын көрінісіне айналды. Айта кетейік, мұндай сарындағы қайырымдылық эстафетасы жыл сайын жалғасып келеді. Бүгінде игі дәстүрдің арқасында 20-ға жуық отбасы баспаналы болған. Азаматтардың айтуынша, бұл үрдіс – ұрпақтар сабақтастығы мен ізгіліктің үзілмес желісі дейді.
️