Ата заң бекіткен халық мүддесі – басты бақылауда

16
20.03.2026 19:33

«AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті жиынында референдум қорытындысы мен Ата заңға енгізілген өзгерістер талқыланды. Қатысушылар Конституциялық реформалар елдегі саяси жүйені жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, жаңа нормалар азаматтардың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтетіні айтылды. Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы Жол картасының орындалуы да қаралды. Ал партиялық бақылау комиссиясының төрағасының айтуынша, референдум халықтың жаңа өзгерістерге деген қызығушылығын көрсетті.