«Turkistan» телеарнасына - 5 жыл

12
19.03.2026 20:50

 2021 жыл. 21 наурыз. Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген айтулы дата. Дәл осы күні Тұран даласының ақпарат айдынына жаңа құрылған телеарна толқын тарата бастады.  Эфир пультіндегі басты батырма басылып, алғашқы сигнал тараған сол бір тарихи сәтке енді бірер күнде тура 5 жыл толады. Мерейтой қарсаңында сол бір  тарихи сәттің куәсі болған әріптестерімізбен сұқбаттастық. Телеарнамен бірге есейген мамандар және осында жүріп өмірлік қосақ болып табысқандардың хикаясы — келесі материалда.