«Жаңару күніне» орай экологиялық акция өтті

8
19.03.2026 20:46

Бүгін елімізде «наурызнама» онкүндігі аясында жаңару күні өтіп жатыр. Осыған орай, Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінің қызметкерлері экологиялық акцияға ат салысуда.  Олар әскери бөлім аумағына ондаған жас ағаш көшетерін отырғызды. Шырша өскіндері қоршаған ортаға сән беріп, экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етпек. Мұндай  игі бастаманы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп отырамыз,-дейді әскері қызметшілер.