МӘМС жүйесіндегі заңсыз әрекеттерді жасанды интеллект анықтап жатыр

16
19.03.2026 20:43

 Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ірі қаржылық сәйкессіздіктер анықталды. Аудит нәтижесінде шамамен 1,8 млрд теңгенің негізсіз қызметтерге жұмсалғаны белгілі болды. Мәселен, 768 мыңнан астам ер адам жатыр мойны обырына тексерілген, тағы 600-ден аса ер азамат маммографиядан өткен. Бір ғана ауруханада 11 мыңнан астам осындай жағдай тіркелген. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен кеңесте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбек мәлім еткен. Қор енді мұндай «аномалияларды» жасанды интеллект арқылы анықтап, қаржы шығынын қысқартуды көздеп отыр.