Түркістан облысында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық іріктеу ісінен олқылықтар анықталды. Биыл мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне үш бірдей арыз келіп түскен. Қызметкерлер тарапынан жүргізілген тексеріс нәтижесінде конкурстардың бірінде іріктеу қағидаларының талаптары сақталмағаны белгілі болды. Бүгінде кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы конкурс рәсімдерінің барлық кезеңдерінің күштері жойылған.
️